
Астана қаласы №19 «Балбөбек» балабақшасы МКҚК
Оқу орнының аталуы – «Астана қаласы №19 «Балбөбек» балабақшасы МКҚК
Мекен – жайы – Астана қаласы, Құтпанов 16А
Оқытылатын тілі – қазақ
Жоба қуаттылығы – 140 орындық
Балабақшаның ашылуы – 1970 жыл
Балабақшаның жалпы көлемі – 1099,9м²
Балабақшадағы балалар саны – 167
Балабақшадағы мұғалімдер саны – 14
Музыка залы – 1
Топ саны – 6 топ
Балабақша меңгерушісі – Төлеуова Алмагүл Төлеуқызы. Қазіргі таңда балабақшада 2 жоғары санатты, 3 бірінші санатты, 5 екінші санатты, 4 санатсыз.
Балабақшаның тақырыбы:
- Тәрбие – білім беру үрдісінде денсаулық сақтау кешеніндегі технологияларды іске асыру.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты тәрбиелеуде қазақ этнопедагогика балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сай іріктеліп, оқу – тәрбие үрдісінде қолдану.»
Мақсаты:Бала денсаулығын жақсарту, шынықтыру мен қозғалыс белсенділігіне, өзін таныту шығармашылығына жағдай жасау жүйесін қалыптастыру. Ұлттық тәрбиеге байланысты педагогикалық әдістемелік еңбектерге талдау жасау.Халық ауыз әдебиетін қолдану арқылы, балалардың тілін, ой-өрісін дамыту; балабақша мен ата-ананың тығыз байланысы арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуді қалыптастыру. Оқыту-тәрбиелеу үрдістерін ойын негізінде ұйымдастыру, жаңа технологияларды қолдану барысында тиімді,ұтымды, әдіс
тәсілдерді айқындау; Халқымыздың сәндік-қолданбалы өнері негізінде балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру.
Ата-аналарға
1. Ата-аналар баланы қабылдау уақыты 8.00-8.20-ға дейін, алып кету уақыты 18.00-ге дейін.
2. Әр айдың 10-жұлдызына дейін төлемақысын ескертусіз, 100% төлеуге міндетті.
3. Бала ауырып қалған жағдайда, балабақшаға қоңырау соғу керек. Тел.: 38-32-57
4. Бала ауырып қалған жағдайда, анықтама қағазын әкелу қажет.
5. Бала үйге кетерде апайдан рұқсат сұрап, қоштасып кетеді.
6. Ата-аналар топқа балалар бөлмесіне рұқсатсыз кіруге болмайды.
7. Балабақшаның қызметкерлерімен амандасып, сыпайы қарым-қатынаста болу.
8. Балаға демалыс алған жағдайда, жазбаша өтініш жазып, еңбек демалысын немесе шипажай демалысын алған жағдайда, бұйрық көшірмесін алып келуі керек.